Мемлекеттік аудитке тоқталған министр, 2021 жылғы қаңтарда камералдық бақылаумен сомасы 1,1 трлн теңгеге 71,5 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылғанын айтты. Тексеру қорытындылары бойынша сомасы 38 млрд теңгеге талаптарды бұзушылықтар ескертілді.
«219 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 120 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 17 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсетуді және жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепке алу бойынша көрсету жолымен 10 млрд теңгеге ереже бұзушылықтар жойылды», - деді Е. Жамаубаев.
Оның айтуынша, аудит нысандары қызметінің тиімділігін жетілдіру және арттыру үшін 198 ұсыным берілген.