Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, осы уақытқа дейін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Қонаев бульварында орналасқан үйлерді жөндеу үшін бөлінген 5 млн. теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалу жайы тексерілген болатын. Аталған жоба бойынша тапсырушы «Тұрғын үй» МККМ, ал «Стронг Базис» ЖШС мердігер болған. «Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Төрежанов пен Жамаловқа қатысты ҚР ҚК 312-бабының 4-бөлігі «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оларға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде», - делінген баспасөз хабарламасында.
15:32, 25 Шілде 2013
Мемлекеттік бағдарламаның ақшасын мақсатсыз жұмсап жатқандар ұсталды
АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - 23 шілде күні қылмыстық істі қозғауды тоқтату мақсатында қаржы полициясының инспекторына 2 млн. теңге көлемінде пара бермек болған Шымкент қаласының «Тұрғын үй» МККМ бұрынғы директоры Н. Төрежанов және «Стронг Базис» ЖШС жетекшісі М. Жамалов қолға түсті.