Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хзабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, құқық қорғау органдары жүргізетін қосымша тексерулерін санкциялау, жоспардан тыс және қарама-қарсы тексерулер жүргізу туралы прокуратура органдарын хабардар ету сынды екі түзетуді Бас прокуратура ұсынған. Бұлар қабылданған жағдайда бизнес күш-қуат құрылымдары тарапынан өздерінің қызметіне негізсіз араласудан нақты қорғалатын болады. «Күш-қуат органдары тарапынан кәсіпкерлікті қосымша тексеруге прокурордың санкциясын беруді заңнамалық тұрғыдан қарастырған төтенше маңызды. Мұндай жағдайда соңғыларының тарапынан қатты қарсы әрекет болуы мүмкін екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан да, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, жоғарыдағы ұсыныстарды жобаға қысқа мерзімде енгізуді және Сіздің төрағалығыңызбен кеңес өткізуді хаттамалық түрде тапсыруыңызды өтінемін. Қолдау болған жағдайда біз заң жобасын бірінші тоқсанның ішінде Парламентке енгізетін боламыз», деді министр.
Отырыстан кейін журналистерге берген сұхбатында Б. Сұлтанов бұл арада қосымша тексерулерге прокурорлық санкция енгізу жайлы сөз болып отырғанын айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикада әрбір құқық қорғау органы қосымша тексеру механизмін іске қосып, кез-келген бизнес ортаға кіре алатыны жөнінде норма бар. «Бұл жемқорлық және рейдерлік элементтер үшін жақсы сылтау. Сондықтан да Бас прокуратура тарапынан осындай тежеу қою қажет», деді ол.