«Дөңгелек үстелде» ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.Өрсариев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары А. Көмекбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қ. Сарыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы Ш.Құрманбайұлы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының директоры Т. Сүлейменов тағы басқалары қатысты. Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызмет саласында тілдердің дамуы және қызметтік мәселелерін талқылады.
«Қазақстан Республикасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен» анықталатын елдің тілдік саясаты біздің мемлекетіміздің қазіргі заманғы дамуы мен жаңғыруын сипаттайтын және әр қазақстандық қоғамға қолайлы болып табылатын тілдік кеңістікті қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік тілдің функционалды басымдықтары мен беделі қазақ тілінде толыққанды кәсіптік қарым-қатынас жасайтын мемлекеттік қызметшілер арасындағы жаңа буынды қалыптастыру және тәрбиесін қалыптастыруға ықпал жасайды», - делінген баспасөз баянында. Бұдан бөлек, «Тілдік білім үнемі жаңашаландыруды қажет етеді. Жаһандану кезеңінде әлемдік еңбек нарығында бәсекелестікке шығатын, өзінің орта кәсіптік құзыреттілігі және тілдік мәдениетімен, сонымен қатар өз елінің тілдік және мәдени мұрасын сақтап, дамытатын білім беру және жаңа ұрпақты тәрбиелеу мәселесі өзекті болып табылады. Қазіргі кезде білім беру, мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтуға деген ерекше көңілді басқа тілдер мен мәдениетті тану арқылы лингвистикалық қормен үйлесімді сәйкес келетін кеңістікті құру негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Қойылған мақсат оқытудың интеграцияланған сипатын және тікелей білім үрдісін жүзеге асыратын барлық бағыттағы мамандардың ынтымақтастығы болып табылады», делінген бспасөз қызметі таратқан хабарламада.