Талапкер «Риц Максимум» ЖШС жауапкер «Spirit Казахстан» ЖШС-інен 68 016 292 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған. Талапкер мен жауапкер арасында қаржылық лизинг келісімшарты жасалған. Алайда жауапкер келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындамаған.
Сотта судья медиатордың көмегімен тараптар бітімгершілікке келіп, келісімге қол қойған. Азаматтық іс сот өндірісінен қысқартылып талапкерге төленген мемлекеттік баж салығы 2 040 488 теңге қайтарылды, деп хабарланды ОҚО сотының сайтында.