АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік білім беру гранттарының саны азаймайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Оның айтуынша, қоғамда мемлекеттік білім беру жинақ жүйесінің қалыптасуымен мемлекеттік білім беру гранттарының саны төмендейді деген теріс пікір пайда болуда.
Министр осы орайда мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі Қазақстанда білім алуға қолжетімділікті арттыруға негізделген қосымша тетік болып табылатынын атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.