А.Соловьева, қазіргі уақытта Азаматтық альянс, Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрылымында үкіметтік емес ұйымдардың қосып жатқан үлесі де есептелуі тиістігі мәселесін көтеріп отырғандарын айтты. «Себебі, бұл арзан еңбек. Олардың арасында еріктілердің тегін атқарған жұмыстары да бар. Осылардың барлығы есептелген жағдайда, біз қандай сапаға қол жеткізіп отырғанымыз айқын болар еді», - дейді.
Айта кетейік, жыл сайын ҮЕҰ-лардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қаржыландыруға мемлекеттік және жергілікті бюджеттен шамамен барлығы 1,5 миллиард теңге бөлінеді. Оның сыртында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар бар.