«Мемлекеттік бюджеттің түсімдері қарыздардың түсімін есепке алмағанда 1 желтоқсанға 3826,9 млрд. теңгені немесе 100,7 пайызды құрады. Ал республикалық бюджеттің түсімдері 3230,3 млрд. теңгеге немесе 100,2 пайызға жетті. Бұл ретте 2010 жылдың қорытындысы бойынша кірістерді 104,1 пайызға атқару күтіліп отыр. 2009 жылмен салыстырғанда республикалық бюджетке кірістер 777,5 млрд. теңгеге көп түседі. Бұл қалыптасып отырған экономикалық өсіммен байланысты», - деді ол.
Сондай-ақ, ұлттық қордан кепілдік берілген трансферттің түсімдерінсіз республикалық бюджеттің кірістеріне тоқталған министрдің айтуынша, ағымдағы жылы жоспардың 106,5 пайызға орындалуы күтіледі. Бұл орайда артығымен орындау 143 млрд. теңге сомасында болса, оның ішінде салықтық түсімдер133,4 млрд. теңге немесе 7,1 пайыз болмақ.