Хаттамаға 2016 жылдың 4 желтоқсаны күні Астанада өткен Өңіраралық және шекарааралық ынтымақтастық форумы барысында қол қойылды. Құжатқа сәйкес, екі тарап өз шекарасы арқылы жолаушылар және жүк пойыздарын шекаралық бақылаусыз өткізуге келіскен. Бұл ереже басқа елдің аумағында аялдау жоспарланбаған бағыттағы пойыздарға ғана қатысты, яғни, құрам аумақтан транзитпен өтіп кетеді.
Хаттама, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар билік өкілдіктерінің шекараға жақын маңдағы аудандарда жолаушыларды тасымалдау ережесін жасауға міндеттеледі. Соның ішінде, олар жолаушыларды тасымалдайтын тасымалдаушыны анықтайтын конкурс өткізу ережесін жасап, шығындарды өтеуге шекарамен шектес субъектілердің бюджетінен субсидия алады.