Мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметіне көңіліңіз тола ма

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік еңбек инспекторлары 7 мыңнан астам қазақстандық жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 528 кәсіпорнында 9,4 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 1,1 млрд. теңгеден астам қарыз бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 461 ұйғарым беріліп, 59 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды»,-деп атап өтілген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде және жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Нәтижесінде, оларға 867,7 млн. теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы, мемлекеттік еңбек инспекторлары 1549 тексеру жүргізіп, ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 1844 дерегі анықталды және 65,6 млн. теңгеге айыппұл салынды.