Қаржы полициясы баспасөз қызметінің атап өтуінше, аталған азамат 2013 жылғы 8 мамырда Астана қаласында «Әмбебап комуналды-сауда базасы-2007» ЖШС директорының орынбасарынан энергетикалық сараптама жүргізуге рұқсат беру куәлігін қысқа мерзімде рәсімдеу үшін 150 мың теңге пара алған.
12:14, 18 Мамыр 2013
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті бас сарапшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысына қатысты қылмыстық іс қозғады.