15:16, 17 Маусым 2009
Мемлекеттік хатшы Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованы қабылдады
АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Миразованы қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бұл кездесуде білім саласының қазіргі жағдайы мен еліміздегі өзгерістердің барысы сөз болды. Дағдарысқа қарамастан, бұл салаға бөлініп жатқан қаражаттың бір тиыны да кемітілген жоқ. Жаңадан мектептер салынып, қолданыстағы білім ордаларының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуіне толық жағдай жасалынған. Онда тұлға қалыптастырып, білімін жалғыз өз елімізде ғана емес басқа жерлерде де дәлелдей алатын шәкірттер тәрбиелеу мәселесі де әңгіме болды», дейді А.Миразова. Оның айтуынша, білім сапасына талап дұрыс қойылып отыр. Өзімізді танытамыз десек, мәдени жағынан болсын, білім жағынан болсын, дамыған ел болу келешек ұрпаққа байланысты. Сондықтан да ұстаздардың ұрпақ алдындағы міндеті мен атқаратын жұмысы үлкен екендігіне мән беріліп отырғандығы оларды қуантады.