Мемлекеттік хатшы Астанада оқушылар және студенттермен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 2 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Астана қаласының мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен кездеседі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Нұрымбетов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, мемлекеттік органдар және білім беру салаларының өкілдері қатысады.

Кездесуде барысында Мемлекеттік хатшы Мемлекет басшысының 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беруді енгізу жөніндегі тапсырмасының  іске асырылу барысымен танысады.