17:24, 17 Маусым 2009
Мемлекеттік хатшы Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагері» қауымдастығының төрағасын қабылдады
АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагері» қауымдастығының төрағасы Бақытжан Смағұлды қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мемлекеттік хатшымен бұл кездесуде қауымдастықтың бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріп жатқан тәлім-тәрбиесі туралы әңгімелестік. Қазақстан халқы Ассамблеясымен қарым-қатынасымыз және жастарымызды отансүйгіштікке баулу мен бұл қасиетті олардың бойларына сіңіру жайы сөз болды. Сондай-ақ басқа діни ағымдарға кетіп жатқан жастарды қалай тоқтатуға болады, ол біздің мемлекетіміз үшін қаншалықты қажет деген сауалдарға жауап іздестірдік», дейді Бақытжан Смағұл. Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагері» қауымдастығы төрағасының айтуынша, Мемлекеттік хатшымен бұл басқосудан кейін оның көкейінде жаңа ойлар да туындап отыр. Бұл мәселелердің кейбірі жаздың аяғында Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отырған Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының съезінде жүзеге асырылмақ.