Мемлекеттік хатшы: Біздің міндетіміз - қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің мәнін жаһандық қауымдастыққа жеткізу

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің міндетіміз - қоғамдық келісім мен этноаралық төзімділіктің қазақстандық үлгісінің мәнін жаһандық қауымдастыққа жеткізу.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы кеңейтілген отырысы кезінде айтты.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ассамблеяның «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасына ерекше көңіл бөлу керек екендігін айты.