Кеңес жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми сарапшылық кеңестің өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы М. Тәжин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ-шы сессиясында этносаралық қарым-қатынас саласындағы жұмысты жандандыру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қорытындылады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы еліміздегі этносаясатты жетілдіру, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді әрі қарай дамытудың негізгі мәселелерін нақтылап өтті.
Бұдан бөлек отырыс барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының Парламент Мәжілісіндегі депутаттық тобының қызметі, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқыАссамблеясының қызметі туралы есептер тыңдалды.