Шара Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.
ҚР Мәдениет министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл мемлекеттік оркестр 1991 жылы ұжымның көркемдік жетекшісі Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның мұрындық болуымен дүниеге келген еді. Ал 1993 жылы Үкімет қаулысымен мемлекеттік камералық оркестр мәртебесіне ие болды. Осы жылдарда оркестр әлемнің атақты сахналарында өнер көрсетіп, қазақ елінің атын асқақтатты. Өнер ұжымы концертте отандық композиторлардың шығармаларын және әлемдік классикалық туындыларды орындады.
12:12, 07 Ақпан 2012
Мемлекеттік камералық оркестрдің құрылғанына 20 жыл толды
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі құрылғанына 20 жыл толуына орай мерекелік концерт берді.