Мемлекеттік кірістер комитеті: «Экономикалық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» бағдарламасы қабылданды
Аталған үлгіге сәйкес «көлеңкелі» экономиканы барынша азайту бойынша тиімді шараларды қабылдау Комитет жұмысының негізгі басымдықтары болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Комитет «Экономикалық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» бағдарламасын бекітті. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметінен хабарланды.
Бағдарламаның бірінші кезеңінде бақылау-профилактикалық іс-шаралар Алматы қаласы мен Алматы облысында басталып, бұл кейін Қазақстанның барлық облысында жалғасады. Аталған іс-шаралар шеңберінде кәсіпкерлік қызметпен тиісті теркеусіз айналысудың 6 137 жағдайы анықталып, 5 566 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде есепке қойылды.
Бағдарламаның екінші кезеңі жалған кәсіпкерлікке қарсы күрес болып табылады. Пилоттық режімдегі бағдарламаның жұмысы тек Қазақстан астанасында «Астана-нөлдік төзімділік қаласы» деген ұранмен жақсы нәтижелер көрсеткен. Мәселен, заңсыз ақша қаражатын қолма-қолға айналдырумен айналысқан 12 қылмыстық топ анықталып, оның 3-уі жойылған. Республика бойынша қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үстінде және 9 млрд.теңгеге жуық сомаға жалған шот-фактураны беру кезінде 50-ден астам фактілер анықталған.
«Экономикалық тергеу қызметінің талдаушылары жүргізген жұмыстың нетижелері негізінде жалған кәсіпкерлік және қаскүнемдердің заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруы бойынша тың тәсілдер мен әдістер қолданылады. Талдамалық топтың қорытындылары нөлдік төзімділік бағдарламасы мен сыбайлас жемқорлық көріністен өзінен-өзі тазару бағдарламасын үйлестіру үшін негіз болған. Бүгінгі күнге осы жұмыс өз нәтижесін берді. Шығыс Қазақстан облысының экономикалық тергеу қызметі қылмыстық топ құру күдігі бойынша бөлім бастығы мен мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының бірін ұстады. Құрамында мемлекеттік кірістер басқармасының екі жұмысшысы және бірқатар азаматтар бар қылмыстық топ алдын ала деректер бойынша мемлекетке 250 млн. теңгеден аса мөлшерде залал келтірген. Аталған іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сондай-ақ аталған факті бойынша Комитет қылмыстық тергеу тағайындады», делінген баспасөз баянында.
Бұдан бөлек, 30 қыркүйекте Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері контрагенттерді салық салудан алып кету мақсатында ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан Ақтау қаласының тұрғындарын ұстаған болатын. Тергеу олардың біреуі бұрын облыстық Мемлекеттік кірістер депарламентінің салық бөлімшесінде басшы лауазымда жұмыс істегенін анықтап отыр.