Мемлекеттік кірістер комитеті «Қапланбек» кеден бекетіндегі жағдайға алаңдаулы

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысындағы «Қапланбек» кеден бекетінде бірқатар кемшіліктерді анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграциявице-министрі Азамат Асқарұлы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіМемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің мемлекеттік жергілікті басқару органдарыныңбасшыларымен және Өзбекстанға ағаш экспорттаумен айналысатын тасымалдаушыларменжұмыс кездесуі Түркістан облысының «Қапланбек» кеден бекетінің аумағында өтті.

Жиында бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тасымалдаушылардыңнаразылығына қатысты, нақтырақ айтқанда көліктердің тұрақтарда ұзақ тұруы,кеден органдарының іс-әрекеттеріне қатысты мәселелер талқыланды.

«Қапланбек» кеден бекетінің аумағында жұмыс істейтін жеке автотұрақтытексеру кезінде онда қажетті инфрақұрылым, тамақтану пункттері, тұру және автокөліктергеқызмет көрсету станциялары жоқ екендігі анықталды.

Тасымалдаушылармен әңгімелесу кезінде автокөліктердің тоқтап қалуыныңнақты себептері көбіне көлік иелерінң тауар тасымалдау құжаттарының болмауынан, автокөліктердің автотұрақтан шығу кезіндегіқозғалыстың дұрыс ұйымдастырылмағаны белгілі болды.

«Жібек жолы», «Атамекен», «Б.Қонысбаев», «Қазығұрт» өткізу бекеттеріндеде осыған ұқсас мәселелер бар.

Кездесудің қорытындысы бойынша, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттіккірістер департаментіне өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, соның ішіндекедендік рәсімдерді жеделдету бойынша жедел шараларды қабылдау тапсырылды.Заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін автотұрақтарға қатысты тексеру жұмыстарыжүргізілмек.

Өз кезегінде, Түркістан облысының әкімдігіне көлік тұрақтарын ұйымдастыру,керекті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасау бойынша ұсыныстар берілді.

Соңғы жаңалықтар