Мемлекеттік кірістер комитеті Қырғызстаннан импортталатын тауарларға салық төлеу тәртібін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуына байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО қатысушы-мемлекеттері арасындағы тауарлар импортына қатысты кейбір ережелерді түсіндірді.

«ЕЭО шеңберінде бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде егер тауарларды акциздік маркаларды (есепті-бақылау маркалары, белгілері) таңбалауға қатысты осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органымен жанама салықтар өндіріп алынады», - делінген хабарламада.

Тауарлармен өзара саудада жанама салықты өндіріп алу ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) тауарлардың экспорты кезінде акциздерді төлеуден босату, сондай-ақ импорттау кезінде жанама салық салық салу көзделген межелі елдің қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны тапсыруға міндетті.

Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды, оның ішінде Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы арызды қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде, не тек электронды түрде салық органдарына ұсыну қажет.

Жұмысты, қызмет көрсетуді атқару кезінде жанама салықты өндіріп алу жұмысты, қызметті іске асырған жердің аумағындағы мүше-мемлекетте жүзеге асырылады.