Мемлекеттік кірістер комитеті WhatsApp бойынша шағымдарды қабылдай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Дәулет Ерғожин экономикалық саладағы бұзушылықтар туралы шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдау басталғанын жариялады.

«Біз 7 700 102 02 02 нөмірі бойынша Whatsapp аштық. Осыған экономикалық саладағы бұзушылықтар туралы фото, видеоматериалдарды жолдаңыздар. Әр фактіні жеке қарайтын боламыз», - деді Д.Ерғожин өзінің Твиттер парақшасында.