Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде көліктік, ветеринарлық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, кедендік, экспорттық сынды бақылау жүзеге асырылады. ал 2010 жылға дейін бұл бақылауларды 4 мемлекеттік орган жүзеге асырып келген еді. Кейіннен көліктік бақылау Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. 2011 жылдың екінші жартысынан комитет санитарлық-карантиндік бақылауды жүзеге асыра бастады. 2014 жылы кедендік органдардың автомобиль өткізу пунктеріне ветеринарлық және фитосанитарлық бақылауды беру туралы заң қабылданды. «Мұның барлығы пункттен өтуді жеңілдету үшін жасалды. Ендігі уақытта әрбір мемлекеттік органдарға түрлі рұқсат қағаздарын алып өтудің қажеті жоқ. Оның барлығынан бір орыннан өтуге мүмкіндік жасалды», - деді ол. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта ветеринарлық және фитосанитарлық бақылаудың толықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін автомобиль өткізу пункттері қажетті техникалық құралдар мен жабдықтармен жабдықтау жүргізілуде. Мұнан бөлек, Ауыл шаруашылығы министлігінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыс істейтін білікті 90 маманын мемлекеттік кірістер органдарына қабылдау шаралары қолға алынған.
19:42, 02 Қараша 2015
Мемлекеттік кірістер комитеті желтоқсаннан бастап, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметіне кіріседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметіне кіріседі. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты Кедендік бақылау департаменті Өткізу пунктерін үйлестіру басқармасының бастығы Қайрат Маубаев мәлім етті.