Жобаның құрылтайшысы болған «RetailA-A» ЖШС компаниясының директоры Бейбіткүл Баймаханованың сөзінше цехтың өндірістік қуаты бір айда 75 тонна дайын өнім шығаруға жетеді және кәсіпорын жергілікті нарыққа нан мен кондитерлік өнімдердің 50-ден аса түрлерін өндіріп отыр.
Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациалық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «RetailA-A» ЖШС-нің «Нан және кондитерлік өнімдерін өндіру » жобасы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілгенін айта кеткен жөн.
Ескере кетсек, жобаның жүзеге асуы барысында кәсіпорынмен жаңадан 35 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.