«Министрлік бөлінетін мемлекеттік қолдау шараларын мониторингтеу жүйесін әзірледі. Тиімділікті бағалаудың жаңа әдістемесі бекітілді. Ол мемлекеттік қолдау алған субъектілерге мемлекеттің қолдауынсыз дамып келе жатқан субъектілермен салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, «Скоринг» (қарыз алушының кредитке қабілеттілігін бағалау әдісі) құралы іске асырылатын болады. Оның нәтижелерін мемлекеттік қолдау көрсету кезінде пайдалану жоспарланып отыр.
«Бұл кәсіпкерлерді қаржылық қолдауға бағытталған қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, салық төлеу, жұмыс орындарын ұлғайту немесе жалақы қоры бойынша оң көрсеткіштері бар бизнеске қолдау жасалатын болады», - деді Ержан Біржанов.