Министрдің айтуынша, мемлекеттің экономикадағы рөлін азайту және мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін арттыру және мемлекет пен жеке бизнестің экономикадағы рөлін нақты бөлуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасады. Осы мақсатта үкіметтік комиссия құрылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторға егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп жатыр. Мемлекет қатысатын ұйымдарды іріктеу және бәсекелес ортаға беру бойынша әдістер әзірленген.
«Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектор 6 963 ұйымды құрайды, оның ішінде мемлекет қатысатын 398 мемлекеттік, 6 023 ұйым коммуналдық меншікте болып табылады. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар активтерінің құрылымына 542 ұйым кіреді. Бүгінде, 201 ұйым мен 70 бейінді емес объектіні, оның ішінде 10 - республикалық, 151 - коммуналдық меншікте болып табылады. Холдингтердегі 40 активті және 70 объектіні бәсекелес ортаға беру мақұлданды және осы бағытта жұмыс басталды», - деді министр Е. Досаев.