Мемлекеттік қорықтың аумағында ұсталған браконьерлерден балық пен уылдырықтың ірі партиясы тәркіленді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қорықтың аумағында ұсталған браконьерлерден балық пен уылдырықтың ірі партиясы тәркіленді.

Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Марқакөл мемлекеттік қорығының аумағында өткізген «Уылдырық» операциясы барысында облыстың төрт тұрғынын құрықтады.

«Ұсталған азаматтардан аулауға тыйым салынған 228 келі майқан балық пен 110 келі уылдырық тәркіленді», - дейді Н. Ораз.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.