Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облыстық департаментіне жаңа басшы келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Руслан Медетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Расул Махмұдұлы Медетов 1986 жылы Батыс Қазақстаноблысында дүниеге келген. ҚазГЗУ-дің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттікбасқару академиясының түлегі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффелд(Ұлыбритания) университетінде магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан жастар одағы» ЗТБ-ныңэкономикалық және ақпараттық-технологиялық дамыту бөлімінің маманы қызметіненбастаған.

ҚР Жоғарғы Сотында әртүрлі лауазымдарда қызметатқарған, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары,сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылагенттігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті басшысыныңорынбасары лауазымында болған.

Өткен жылдың қаңтарынан бері ҚР Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қзыметдепартаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдың 13сәуірінен бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойыншадепартаментін басқарған.

Айта кетерлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңАтырау облысы бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Тоқтамыс Жұмағұловагенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментіне жетекшілік ететін болды.

Соңғы жаңалықтар