Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы туралы есепті жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылғы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылуы туралы есепті жариялады.

«Үкіметтің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2015-2017 жылдарға іс-шаралар Жоспарына сәйкес 2015 жылы мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен 32 іс-шара жүзеге асырылды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша  2015-2017 жылдарға іс-шаралар Жоспарының 2015 жылда орындалу барысы туралы толық есептің мәтінін МЫНА ЖЕРДЕН оқыңыздар.