Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, конкурс өткізу және тағылымдамадан өтудің тиісті қағидасы, сондай-ақ осы санаттағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидасы мен шарттары бекітілді, бұл құжат БАҚ-та жарияланып, агенттіктің сайтына орналастырылатын болады.
Конкурстық комиссия үміткерлерді берілген құжаттары, медициналық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу қортындылары, физикалық дайындық нормативтерін тапсыру, жеке құзыреті бойынша тесті қамтитын тестілеуден өту нәтижелері негізінде бағалайтын болады. Үміткерлермен әңгімелесу конкурстық комиссия жұмысының аяқталу кезеңі болып табылады, соның нәтижесі бойынша шешім шығарылады. Әңгімелесу өткізген күн туралы ақпарат агенттік сайтына орналастырылады. Қазіргі уақытта агенттіктің аумақтық бөлімшелері басшыларының лауазымдарына конкурс жарияланды.