Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аталмыш мектептің жаңа оқу жылына қабылдау байқауының талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті.
«Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы елімізде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Жастар конгресінің арасындағы келісімдеріне сәйкес 2006 жылдан бері іске асырылып келеді. Мектепке қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Болашақ мемлекеттік қызметкерлер үш ай бойы теориялық және практикалық тағылымдамадан өтеді.
Мектеп 2-4 курстарда оқитын студенттердің қатарынан жыл сайын 40-50 адамға дейін оқушы қабылдайды.
Жобаны ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, 2011 жылы «Мемлекеттік қызмет мектебінде» 50-ге жуық жас даярлықтан өтті және олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарға қызметке орналасты.