АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 15 наурызда Астанада ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет саласында аймақтық хабтың құрылтай конференциясын өткізеді.
Бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім еткендей, конференцияға 30-дан аса елдердің, сонымен қатар Еуропалық Одақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, USAID және Дүниежүзілік Банк өкілдері қатысады.
Аймақтық хабтың басты мақсаты - бұл Орталық Азия және ТМД елдері үшін мемлекеттік қызмет саласында үздіксіз білім мен тәжірибе алмасу үшін институционалдық негіз құру.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.