Мемлекеттік қызметкерлер министрмен кешкі ас ішу мүмкіндігіне ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкерлер министрмен кешкі ас ішу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

 «Геология және пайдалы қазбалар комитетінен Біржан Садық және Ішкі аудит департаментінен Сабыр Кушков «ҚР ИДМ миссиясы» сайысының жеңімпазы атанды. Аталмыш сайыс ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің  мемлекеттік қызметкерлері арасында өткізілген болатын. Жеңімпаздар бағалы сыйлыққа ие болып қана қоймай, ведомство басшысы Жеңіс Қасымбекпен кеші ас ішу мүмкіндігіне ие болды», - деп жазды ол парақшасына.