«Қолда бар заңнама бойынша, оларға сыйлық алуға тыйым салынған, алайда сыйлықты алуға тура келетін жағдайлар да ескерілген. Мысалы, халықаралық кездесулер кезінде тарту етілген кәдесыйды қабылдауға тура келеді. Дегенмен, мемқызметші оны 7 тәулік ішінде мемлекеттік қорға тапсыруға міндетті. Бізде ондай оқиғалар болды. Бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі және бірқатар лауазымды тұлғалар шетелдік әріптестерінің сыйлықтарын мемлекетке өткізген болатын», - деді ол бүгін ҚР ҰКП отырысында.
Ұлттық бюро төрағасының орынбасары атап өткеніндей, құны 2 АЕК-тен төмен сыйлықтарды алғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік тағайындалады. Егер сыйлық ол межеден асып кетсе, сыйлық пара болып есептелінеді.