деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингтік мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 56 мың 54 адамды құрап отыр. Бұл республикадағы барлық мемлекеттік қызметкерлердің 57,8 пайызына тең. Сонымен бірге, еліміздің орталық мемлекеттік органдары мен өңірлерінде шешім қабылдау деңгейіндегі 30 мың 418 лауазымды қызметтер бар. Бұның 13 мың 603-ін, яғни 44,72 пайызын әйелдер иеленген», деді Қ. Нұрпейісов.
Оның айтуынша, бұндай статистика Қазақстандағы мемлекеттік қызмет жүйесі бойынша гендерлік теңдіктің сақталып отырғанын білдіреді. Сонымен бірге, елімізде мемлекеттік қызметтегі көпұлттылық қағидаты да сақталған. Мәселен, келтірілген мәліметтерге қарағанда, қазіргі таңда Қазақстандағы мемлекеттік қызметте 59 ұлттың өкілі жұмыс істейді. «Жалпы, республика бойынша мемлекеттік қызметкерлердің саны 96 мың 935 адамды құрайды. Бұның ішінде қазақтар - 82 мың 257 адам, орыстар - 9 мың 788, украиндер - 1 мың 446, татарлар - 790, немістер - 504, өзбектер - 415, кәрістер - 389, ұйғырлар - 379, беларустар - 214, поляктар - 148, басқа ұлт өкілдері - 605 адамды құрайды», деді Агенттік төрағасы.