«Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша мемлекеттік қызметкерлерді даярлаудың арнайы квотасына 200 шақты стипендия бекітілген. Бұл шенеуніктер мен басқару буынының жаңа легін дарялауды қамтамасыз етеді», - деді С.Нұрбек.
Орталық басшысының айтуына қарағанда, үстіміздегі жылы барлығы 1186 стипендия бөлінген. Оларды бөлу кезінде техникалық мамандарға басымдық берілген.
«Инженерлік-техникалық блокқа баса назар аудардық. Үдемелі индустиялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын, «Бизнестің жол картасын» жүзеге асыруға байланысты қазір бізде инженерлік-техникалық кадрларға сұраныс өте көп», - деп атап өтті С.Нұрбек.
«Сонымен қатар, «Халықаралық бағдарламалар орталығының» призиденті «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын 4 негізгі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталғандығын айтып өтті. Бұлар - білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдірдің қолданылуын, үдемелі индустрияны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар. Сондай-ақ, ҚР мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа Тұжырымдамасын жүзеге асыру жеке блок ретінде жүреді.
«Болашақ» бағдарламасы осы бес негізгі даму бағдарламаларының сұраныстарын қанағаттандыру үшін жұмыс істейді», - деп қортындылады сөзін С.Нұрбек.