Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы тиіс - Президент

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы тиіс. Бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы бизнеске айналмауы тиіс. Мемлекеттік қаржыны фирмаларға, өздерінің таныстарына, достарына және туысқандарына шашуларына жол бермеу керек. Өкінішке қарай, облыстың үш әкіміне қатысты дәл осы себеппен тергеу амалдары жүргізілді. Сонымен қатар бірқатар министерліктер мен ведомстволардың басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылуда», - деді Елбасы.

Президент басшылар команда жинап, ол кейін Атырау облысындағы секілді бандыға айналатындығын мысал етті.

Бүгінде атқарушы биліктен халық нақты әрі тиімді істерді күтіп тұрғанына тоқталған Елбасы, әкімдер халыққа жақын болуы керек, өңірлердегі мәселелерді шешуге білек сыбана кірісуілері қажет екенін тапсырды.