Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған брифингте журналистер вице-министрден: «Саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де шенеуніктердің табыстары туралы жария түрде есеп беруі жоспарланып отыр ма?» - деп сұраған еді.
Сауалға жауап берген вице-министр жалпыға ортақ декларациялау кезең-кезеңмен енгізіліп жатқанын атап өтті.
«2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер бірінші болып есеп бере бастады. Бұл алғашқы кезең болатын. Біз жыл сайын декларация тапсырамыз. Келесі жылдан бастап кәсіпкерлер, ал 2025 жылдан бастап қалған халықтың бәрі декларация тапсырады. Жариялылыққа келер болсақ, заңнамада мұндай көзделмеген, бекітілген. Сондықтан ондай болмайды»,- деді Азамат Әмрин.