«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған және 15 қадамнан тұрады, олардың 11-і жүзеге асырылды, 3-уі орындалуда, 1-уі кейінге қалдырылды, деді агенттік төрағасының орынбасары.
1-қадам бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту қажет болатын. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс. Осылайша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында мансаптық модельге көшу жүзеге асырылды.
Ал 2-қадам негізінде төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиістігі айтылған. Бұл ретте мансаптық модельге көшумен мемлекеттік қызметке қабылданатын үміткерлердің заңдарды білуі, құзыреттерінің болуы бағаланады. Заңда мемлекеттік қызметкерді оның құзыреттерін ескере отырып, мемлекеттік қызметте ілгерілету құқығы бекітілген.
3-қадам - Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, сондай-ақ, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу мәселесі де шешімін тапқан.
4-қадам - 3 3 фомуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі болып қабылданды. Сынақ мерзімі әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің, сондай-ақ, орналасқан мемлекеттік лауазымды тоқтатқаннан кейін әкімшілік мемлекеттік қызметке қайта қабылданғандардың сәйкестігін тексеру мақсатында бекітілген.
5-қадам - мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру және 6-қадам - мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу міндеттері орындалуда, деді Шайымова.
7-қадам - мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу мәселесі бойынша өңірлік үйлестіру коэффициенттері бойынша тәсілдер пысықталуда, оларды енгізу қаржыландыруды талап ететін бастамаларға мораторийге байланысты кейінге қалдырылған.
8-қадам - ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру тапсырмасы орындалған.
9-қадам - мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту - 3 жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша да жұмыстар орындалған.
10-қадам - мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу, сондай-ақ, «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту жөнінде де біраз жұмыс атқарылып, межелі міндет игерілген.
11-қадамда қаралған міндеттер де орындалған. Шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу жайы шешілген.
12-қадам - жаңа этикалық ережелерді енгізу. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау, этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу жұмыстары қолға алынды.
13-қадам - жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң қабылданды.
А.Шайымованың айтуынша, жалпы, мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артып келеді. Реформаны іске асырғаннан бастап мансапты төменгі сатыдан бастаған тұлғалардың үш есе артқаны байқалған.