Мемлекеттік қызметшілер аттестацияны бейнебайланыс арқылы тапсыра алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы өтеді. Сол кезде шалғай жерде жұмыс істейтін мамандар аттестацияны бейнебайланыс арқылы тапсыра алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданы алыс орналасқан. Ол жерде «Б» корпусына кіретін 177 маман бар. Облыс орталығына дейін 660 шақырым жүру керек. Жолға 11 сағат кетеді. Демек, облыс орталығына барып, аттестациядан өту үшін үш күн керек болады. Сондықтан ондай жерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілермен бейнебайланыс арқылы сұxбаттасуға болады. Барлығы аудио мен бейне байланыс арқылы жазылып сақталады. Мемлекеттік қызметшілер аттестациялық комиссияның xаттамасымен де таныса алады. Ал нақты шешім шығарылғаннан кейін бағалау мен тест қорытындысын көруге мүмкіндік бар», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова.

Оның айтуынша, облыс орталықтарына жақын орналасқан елді мекендердің мемлекеттік қызметшілері сол жерге барып, аттестациядан өтетін болады.

Айта кетейік, бірінші жартыжылдықта ұйымдастырылатын аттестациялау барысында «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілер заңды білу деңгейіне арналған тесттерді тапсырмайды. Осы жолы олардың кәсіби біліктілігіне баса назар аударылады .