Агенттік бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы базасында мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау мәселесі бойынша оқыту жүргізді. Оқыту аясында жас мемлекеттік қызметшілер тәртіптік теріс қылықты қарауды жүзеге асыратын Әдеп жөніндегі кеңестің отырысын сахналады.
«Бүгіннен бастап осы оқытуда жаңа интереактивті әдістері қолданылуда. Бүгінгі сахналанған отырыста жалпы теріс қылық бойынша тәртіптік іс қозғалып қарастырылады. Осы отырыстың басты мәселесі - мектеп оқушыларына жазғы демалыс ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу туралы заңды тұлғаның қызметіне кедергі келтіріп, заңсыз араласу фактісі бойынша аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары «жауапқа тартылатын болады». Арыз беруші мен жауапқа тартылатын мемлекеттік қызметші тыңдалады. Ең соңында мемлекеттік қызметшіге жаза қолдану туралы ұсыныс жолданады», - деді Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаменті директорының орынбасары Мадина Наурызбек.
Айта кетерлігі, қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерді 3 апталық қайта даярлау курстарынан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің қыр-сырын ұқтыру көзделген. Курстан алған білімдерін жас мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында тәртіптік істі қарау сценарийі бойынша қойылымын қою арқылы тәжірибеде көрсетті.