Палата Төрағасының орынбасары өз құттықтауында парламенттік қызметкерлердің депутаттық корпустың заң шығару ісін қамтамасыз етудегі еңбегін жоғары бағалады. Мемлекет басшысы айқындап берген заңдардың қабылданғанын атап өтті.
Жиналысқа қатысқандар атынан Мәжіліс Аппаратының Басшысы Ерген Дошаев жылы лебізі үшін Палата Төрағасының орынбасарына рақмет айтты. Және де ол мемлекеттік қызметшілерге жаңа 2011 жылы жауапты қызметтерінде абыройлы бола беруіне тілектестігін білдірді.