деп хабарлады Университеттің баспасөз қызметінен.
Аталған бағдарлама Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат мектебі мен Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің бірлесуімен әзірленген. Оқу 2011 жылғы тамыз, қазан және қараша айларында апталық тренингтік сессиялар түрінде ұйымдастырылады. Сессиялардың тақырыптары: Мемлекеттік саясат және қаржыны басқару, Экономикалық саясат және мемлекеттік секторды басқару, Басшылық және жетекшілік.
Назарбаев Университеті мемлекеттік қызметшілердің басшылық құрамына арналған біліктілікті арттыру бағдарламасын екінші рет өткізіп отыр. Алдыңғы бағдарламаға 30 адам қатысқан болатын. Оқудың соңында тыңдаушыларға Назарбаев Университеті мен Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің біріккен сертификаттары беріледі.