«Конкурстардың рөлiн арттыру үшiн Президенттiң тапсырмасы бойынша, ауысым тәртiбiмен тағайындау, командалық деп аталатын көшiп-қонуды азайту жаңа заңнамамен жүзеге аса бастады. Нәтижесiнде, егер былтырғы жылы тоқсан сайын 3,5 мың адам бiр мемлекеттiк органнан екiншi мемлекеттiк органға ауысыммен тағайындалып жүрсе, жаңа заң күшiне енгеннен кейiн орта есеппен тоқсанда 70-80 адам тағайындалатын болды. Бұл - 40-50 есе азайды деген сөз», - деп атап өттi Ә.Бәйменов.
Оның сөзiне қарағанда, былтыр барлық 20 мың тағайындаудың iшiнде 70 пайызы ауысым тәртiбiмен жүзеге асырылған болса, биыл заң күшiне енгеннен бергi екi тоқсанда ауысыммен тағайындалғандардың үлесi 20 пайыздан аз болып отыр.
"Бұл тiкелей Елбасының тапсырмасын iске асыру аясында мүмкiн болып отыр", - дедi ол.