«Штаттың санды оңтайландыру ықшамдау мен бизнес-процестерді автоматтандырумен қатар жүреді. Сонымен қатар, бірқатар басқарушы буынды қысқарту ұсынылады», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ынталандырушы фактор ретінде төменгі бөлімдердегі қызметшілердің еңбекақысы өсетінін жеткізді.
«Өткен жылы төменгі лауазымдардың еңбекақысы 25 пайызға артқан еді. Шататтық санды оңтайландыру арқасында орташа есеппен еңбекақыны тағы 15 пайызға арттыру мүмкіндігі болады», - деді Руслан Дәленов.