Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Аталған құжат бұған дейін Сенатта қабылданған «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңға ілеспе жоба болып табылады. Құжат негізінен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны құруға бағытталады. Бұл ретте, көрсетілетін қызметтер саласындағы құқықтық нормалардың қайталануын болдырмау, осы саланы реттеуге біркелкі тәсілдерді қамтамасыз ету шаралары көзделеді. Осыған орай, заң жобасымен Бюджет кодексіне, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске және «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға өзгерістер енгізіледі.
Бұдан бөлек, заң жобасымен «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы», «Ақпараттандыру туралы» және тағы да басқа бірқатар заң нормаларына өзгертулер ұсынылып отыр.