Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру кадрларды оқыту жүйесіне тікелей байланысты - Ш.Есімова
«Мемлекеттік қызметті кәсібилендіру кадрларды оқыту жүйесіне тікелей байланысты», - деген ол бүгінде Мемлекеттік басқару академиясы еліміз үшін басқарушы кадрларды дайындауда негізгі роль атқарып отырғанын баса айтты.
«Академияның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында елімізді табысқа жетелейтін басқарушы кадрлардың негізгі буынын сапалы дайындау мақсатына баса назар аударылған», - деп қосты Ш.Есімова.
Сонымен қатар Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Садуақасова орталықтың мемлекеттік этносаясатты іске асыру және Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша білім беру іс-шараларын өткізумен, этносаралық және толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін нығайту мен дамыту жөніндегі стратегиялық тұжырымдаманы әзірлеумен, Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық қатынастары бойынша ғылыми-зерттеу базасын қалыптастырумен айналысатындығын атап өтті.