Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі эксперттік кеңестің 10-шы отырысы өтті

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөніндегі эксперттік кеңестің 10-шы отырысы өтті.

Кеңес барысында «е-қызмет» қызметкерлерді басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесін құру туралы» баяндама кеңінен талқыға түсті. Бұл жайында сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңғарбай Дәнебековтің айтуынша, «е-қызмет» жүйесін құрудағы басты мақсат Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері жұмыстарын автоматтандыру болып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет қызметкерлерін халықаралық тәжірибеге сәйкес басқару, орталық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік қызмет туралы кадрлық толық ақпараттарды онлайн режімде алу міндеті жүктелуде.

«Аталған жобаны 2013-2015 жылдары жүзеге асыру межеленіп отыр. Жоба аясында 9 блок, технологиялық органдар жүйесін қоса алғанда 32 жүйе жүзеге асырылатын болады»,- деді ол.