Мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рәсімінен кейін 365 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды.

Резервшілердің толық тізімі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланатын болады.