«Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізілді
«ҚазАқпарат» құжаттың мәтінін таратады.
*******
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 525
«Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы №1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат; 2004 ж., № 21, 265-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз
№525
Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланған.