Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қызметкерлердің өз қызмет мансабының тұрақтылығына сенімділігін қалыптастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметкерлердің өз қызмет мансабының тұрақтылығына сенімділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы Саян Ахметжанов. Бұл туралы Үкімет басшысының primeminister.kz сайты хабарлады.

«Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық модель жүйесі өздері қызмет ететін мансаптарының тұрақты мемлекеттік қызметкерлердің сенімін қалыптастыруға, алға басуға септігін тигізеді. (...) Жаңа элементтерді енгізу, тиісінше мемлекеттік қызметкерлердің мансап моделінде мемлекеттік аппараттың кәсіпқойлығын жоғарылатады», - деді С.Ахметжанов ОКҚ брифингінде.

Ол мемлекеттік қызметкерлердің мансап моделі меритократиялық қағидаға, еңбегі мен жетістіктерінің біліктіліктеріне негізделгенін атап өтті.

Және, ол келешекте мемлекеттік қызметкерлердің мансап сатысына көтерілуі конкурстық іріктеу арқылы жүргізілетіндігін хабарлады.

«Бірінші конкурс - ішкі, ол өздерінің мемлекеттік органдары арасында өткізіледі. Содан кейін, үміткер ішкі конкурс қорытындысы бойынша анықталмаса, барлық мемлкеттік органдар ішінде ішкі конкурс өткізіледі. Бұл тұрғыда үміткерлер немесе қазіргі мемлекеттік қызметкерлер ішкі конкурсқа қатыспайды және тестілеу кезеңін өтпейді. Тек мемлекеттік органдарда сұхбаттасу өтеді», - деп түсіндірді С.Ахметжанов